АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МАШИНАЛАРЫН ЖОБАЛАУ КЕЗІНДЕ ЦИФРЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУДІҢ ТИІМДІЛІГІ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2023-4-1-156-166
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Авторлар мақалада ауылшаруашылық техникасын жобалау кезінде қолданылатын цифрлық модельдеу нәтижелерін келтірген. Прототип ретінде көшеттерді отырғызу үшін бороздаларды кесуге арналған әмбебап консольді борозда кескіштің (БРК-1) құрылысын қолданған. Жобалау кезеңдері, үш өлшемді кеңістікте техникалық құралдардың виртуалды модельдерін құру мүмкіндіктері қарастырылған. Сонымен қатар техникалық құралдың жұмыс (қозғалмалы) моделімен жүргізілген виртуалды эксперименттің нәтижелері келтірілген. Сандық модельдеудің негізгі кезеңдері тұжырымдамалық модельді әзірлеу, яғни жобаланған техникалық құрал жауап беретін мақсаттарды, негізгі параметрлерді, қасиеттер мен талаптарды анықтау болып табылған. Осы мәліметтер негізінде жобаның негізгі жұмыс сұлбасы жасалады. САПР көмегімен өнімнің техникалық келбеті қалыптасады. Дайын виртуалды модель функционалдылық тұрғысынан зерттеледі, яғни әртүрлі режимдерде техникалық құралмен жүзеге асырылатын жұмыс процестері тексеріледі. Әмбебап борозда кескіштің виртуалды моделінің мысалында жұмыс органы мен топырақтың өзара әрекеттесуі, әртүрлі жұмыс режимдеріндегі кеңістіктегі пышақ жазықтығының орналасуы зерттелді. Бұл кескіш дискіге пышақты орнатудың оңтайлы бұрышын анықтауға мүмкіндік берді. Топырақ бөлшектерінің қозғалысын модельдеу кезінде әртүрлі жұмыс режимдерінде топырақ бөлшектердің ұшу траекториясы және сонымен қатар ұшу қашықтығы анықталды.