БҚО ЖАҒДАЙЫНДА СҮТТІ БАҒЫТТАҒЫ СИЫРЛАРДЫҢ АКУШЕРЛІК-ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУЫ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2023-4-1-205-211
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада Батыс Қазақстан облысы бойынша сүтті бағыттағы сиырлар мен бірінші тума сиырларда акушерлік-гинекологиялық ауруларының таралуын зерттеу нәтижелері көрсетілген. Зерттеу нәтижелері бойынша жалпы зерттелген 437 бас сиырлар мен бірінші тума сиырлардың 355 басында (81,2%) акушерік-гинекологиялық патологиялар анықталды. Жүргізілген зерттеулер нәтижелеріне сәйкес, акушерік-гинекологиялық патологиялар арасында жатырдың қабыну аурулары кең таралған. Эндометриттің жіті түрі, созылмалы және субклиникалық түрлеріне қарағанда жиі кездеседі. Жатыр қабынуларының туындауына шудың түспей қалуы және субинволюция себепкер болды. Аталған патологиялардың таралуына құнарсыз азықпен азықтандыру, күтіп-бағудың нашарлауы, қора жайлардың гигиеналық талаптарға сай болмауы, пайдалану технологиясының өрескел бұзылуы және гиподинамия мен серуеннің жеткіліксіздігі себепші болады. Сүтті ірі қара шаруашылығын қарқынды дамыту мақсатында сиырлар мен бірінші тума сиырлардың репродуктивті мүшелерінің жағдайын ұдайы бақылауда ұстау арқылы, жоғарыда аталған патологиялардың алдын алуға болады. Сондықтан акушерлік-гинекологиялық диспансерлеуді жоспарлы түрде жүргізу мал басын көбейтуге, оны сақтауға және олардан қажетті өнім алуға септігін тигізеді.