«ТАБЫС-ТҰТЫНУ» ИНДЕКСІН АНЫҚТАУ НЕГІЗІНДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТЛЕРІ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48081/esrs3732
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада авторлар тұрғындардың тұрмыс деңгейін интегральдық бағалаудың әдістемелік ыңғайларын қайта қарауға арналған өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынады. Авторлар ұсынған жаңа ыңғай қазіргі жағдайда тұрғындардың тұрмысы деңгейін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесіндегі жекелеген индекстердің өзектілігін анықтау болып табылады. Авторлар тұрғындардың «табыс-тұтыну» индексі көрсеткішінің маңыздылығын атап көрсетеді. Бұл көрсеткішті ресми статистикалық мәліметтер бойынша анықтаудың авторлық әдістемесі ашылып көрсетілген. Тұрғындардың «табыс-тұтыну» индексінің барлық құраушы көрсеткіштері қарастырылып, талданған және оны есептеудің қиындықтары және оларды жеңу жолдары аталған. Мақалада бұл индекстің Қазақстанның 2014-2020 жылдардағы мәліметтері бойынша іс жүзіндегі есебі ұсынылған. Қазақстан халқының тұрмыс деңгейін бағалау және талдау үшін «табыс-тұтыну» индексін есептеу нәтижесінде алынған интерпретациялау маңызды болып табылады. Авторлардың индексті біршама жылдардағы серпіні бойынша қарастыруы Қазақстан халқының тұрмыс деңгейіндегі өзгерістердің беталыстарын ашуды жақсартуға мүмкіндік береді. Авторлар «табыс-тұтыну» индексін халықтың тұрмыс деңгейін интегралды бағалаудың басқа да жалпы қабылданған көрсеткіштерімен үйлестіре отырып қолданудың қажеттілігі мен орындылығын атап өтеді. Зерттеудің авторлар қойған мақсатын тұрмыс деңгейін бағалау әдістемесін жетілдіруге арналған ыңғайларды анықтау болды.