ҚАТЫСЫМДЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48081/zecv3392
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада қатысымдық жаттығулардың грамматикалық негізі қарастырылды. Лингвистика мен оқыту әдістемесі мәселелері қарастырылған ғылыми еңбектер тақырыпқа сай зерделенді. Зерттеу тақырыбына қатысты тілші-ғалымдардың, әдіскерлердің көзқарастары мен пікірлеріне шолу жасалды. Қатысымдық жаттығулардың грамматикалық негізін құрайтын тілдік бірліктер коммуникативтік аспектіде «тіл-сөйлеу-сөйлеу әрекеті» тұрғысынан сараланып, құрылымдық және функционалдық қызметі негізінде анықталды. Сөйлем деңгейіндегі дайын құрылымдар ұсынылып, түсінік берілді. Бұл дайын құрылымдар, қатысымдық жаттығу түрлерін қалыптастыруға ықпал етеді. Сөйлеу моделінің тілдік модельден ерекшеленетін белгілері көрсетілді. Грамматиканы оқытудағы проблемалар және оларды шешудің жолдары ұсынылды. Зерттеу барысында оқу үдерісінде тілдік құралдарды, яғни лексикалық бірліктер мен грамматикалық формаларды коммуникативтік мүддеге сай дұрыс қолдану іскерлігін дамытуды көздейтін, есте ұзақ мерзімге сақтауды қамтамасыз ететін қатысымдық жаттығулардың рөлі ерекше екендігі дәлелденді. Оқыту мақсатына сай, күтілетін оқыту нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін қатысымдық жаттығуларды дұрыс құрастырып, әдістемелік тұрғыдан шебер қолдану, тілдесім барысында оларды пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру ғана емес, сонымен бірге қарым-қатынаста, яғни сөйлеу актілерін жүзеге асыруда тіл үйренушінің тілдік тәжірибесін қалыптастыруда маңызды деген тұжырым жасалды.