КӨП ДӘНДІ ҰННАН ЖАСАЛҒАН МАКАРОН ӨНІМДЕРІН ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫРДЫҢ САПА КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ

2023

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/4-2023/32
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Тамақтану саясатында дұрыс тамақтануға аса жоғары мән беріледі. Теңдестірілген аминқышқылдарының құрамымен және ақуыздардың жоғары сіңімділігімен қатар, тағам өнімдерінде ас қорту органдарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін күрделі, көмірсулар, балласт заттар (диеталық талшықтар) болу керек. Дәстүрлі шикізаттан макарон өнімдерін дайындау үшін химиялық құрамы жағынан қажетті қоректік заттарға "кедей" бидайдың қатты сорттары қолданылады. Осыған байланысты астық өнімдерінің (мысалы, макарондық өнімдердің) тағамдық құндылығын арттырудың ең перспективалы тәсілі - аминқышқылдары, минералды және витаминдік құрамы бойынша теңдестірілген тұтас ұнтақталған ұннан жасалған көп дәнді қоспаларды пайдалану. Мақала, макарон өнімдерінің биологиялық әрі тағамдық құндылығын жоғарлату үшін дәстүрлі емес көп дәнді шикізатын (жүгері, бұршақ, күріш, тары және т. б.) пайдаланудың дұрыстығын анықтауға; көп дәнді шикізатының химиялық қасиеттері мен тағамдық құндылығын зерттеуге; полизлак ұн қоспасының негізгі компоненттеріне әртүрлі дәнді және бұршақ дақылдарының ұн дозаларының әсерін зерттеуге; полизлак негізіндегі макарон өнімдерін өндіруге арналған рецептураны әзірлеуге арналған. Түйін сөздер: макарон өнімдері, макарон қамыры, құрғақ бидай клейковинсы (ҚБК), қамырдың реологиялық қасиеттері.