ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҮЛЕСІН БАҒАЛАУ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.55871/2072-9847-2023-61-4-158-169
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі кезде кәсіпкерлік барлық дамыған елдердің экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің ел экономикасындағы үлесі атап айтқанда, жалпы жұмыспен қамтудағы, қосылған құндағы, инвестициядағы, салықтардағы, экспорттағы және несиелердегі үлесі айтарлықтай деңгейге жеткені байқалады.Әлем елдерінің қазіргі экономикаларына қарасақ, кәсіпорындардың 95-99% дерлік ШОК субъектілеріболып табылады. ШОК субъектілері жұмыспен қамтудың 40-80%-ын, жалпы ішкі өнімнің 30-70%-ын, инвестициялардың 30-60%-ын, экспорттың 10-40%-ын құрайды. Осы ерекшеліктерімен ШОК субъектілері экономикалық және әлеуметтік құрылымның негізін құрайды. Бұл мақаланың мақсаты Түркістан облысының экономикасында шағын және орта бизнестің үлесін бағалау болып табылады. Мақалада ең алдымен шағын және орта бизнестің экономикалық мәнін ашып, оныңТүркістан облысының экономикасындағы рөлі (жалпы өңірлік өнімдегі, жұмыспен қамтудағы үлесі) анықталды. Зерттеу нәтижесінде Түркістан облысындағы шағын және орта бизнестің қызмет етуіндегі ерекшеліктері зерттеліп, талдау жасалды. Түркістан облысындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы мен дамуын талдау кезінде қажетті материалды тиімді іздеу, топтау, өңдеу және жалпылау үшін ақпарат жинау әдісі және ішінара абстракциялау әдісі қолданылды. Салыстырмалы әдісті қолдану арқылы экономикалық көрсеткіштердің динамикасын зерттеу себептік байланыстарды орнатуға мүмкіндік береді.