МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТЫ БИОРЕМЕДИАЦИЯЛАУ

2023

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.4.21-180
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада мұнай өнімдерімен ластанған топырақты көмірсутегін тотықтырушы микроорганизмдер негізінде жасалған Бакойл-KZ биопрепаратымен тазарту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде топырақтағы мұнай өнімдерінің мөлшері 67,8% дан 97,2% дейін төмендеп, топырақты тазалауда Бакойл-KZ биологиялық препаратының 2г/кг нұсқасы ең тиімді нұсқа екендігі анықталды. Мұнай өнімдерінен топырақты тазартқаннан кейін тазартылған топыраққа морфологиялық талдау жасалынып, топырақтың фитоулылығын анықтау үшін кресс-салаты көмегімен биотестілеу жүргізілді. Нәтижесінде биотестілеу көрсеткіштері алдыңғы зерттеу нәтижелерін толықтырып, Бакойл-KZ (2г/кг) биопрепараты бар нұсқа ешқандай улылық қасиет көрсеткен жоқ, яғни топырақ толығымен биоремедиацияланған. Бакойл-KZ (1г/кг) қосқан нұсқаларында тұқымдар 84-82%, Бакойл-KZ (5г/кг) нұсқаларында тұқымдар 88-90% өніп шығып, топырақтың мұнай өнімдерінен біршама тазарғандығын көрсетті. Ал, ластанған топырақтағы, биопрепарат қосылмаған топырақтағы тұқымдардың 19-23 данасы (38-46%) ғана өніп шықты. Бұдан табиғатта өздігінен тазару процесі жүретіндігін байқаймыз, бірақ өте баяу жүреді және мұнай өнімдерімен көп ластанған топырақты толығымен тазарта алмайтындығын анықтадық. Осындай микроорганизмдер негізінде жасалынған препаратты пайдалану экологиялық жағынан зиянсыз, экологиялық апаттарды болғызбайтындығы, шығын аз кететіндігі, әр түрлі масштабтағы жер көлемін тазартуға болатындығы анықталды және мұндай тазартылған топырақ экожүйеге қайта оралғанда ешқандай зияны болмайды.