APPLICATION OF MATHEMATICAL METHODS IN ASSESSING THE BREEDING VALUE OF CATTLE OF THE KALMYK BREED

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52081/bkaku.2023.v66.i3.105
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада ірі қара малының етті бағыттағы қалмақ тұқымының асыл тұқымдылық құндылығын индекстік бағалауда математикалық әдістерді қолдану нәтижелері баяндалған. Зерттеу нәтижелерін қорытындысы бойынша аналитикалық талдау жүйесінде тіркелген қалмақ тұқымы малдарының сипаттамалары зоотехникалық тіркеу деректерімен, олардың экономикалық пайдалы белгілері бойынша өнімділігінің генетикалық құндылығы алты көрсеткішпен: туған кездегі тірі салмағы; енесінен айырған кезіндегі тірі салмағы; он екі айлық айлық жасындағы тірі салмағы, сиырлардың сүттілігі және 5 жастағы тірілей салмағы анықталып, келтірілді. Зерттеу барысында асыл тұқымдылық құндылығы индексі дәлдігінің нөлдік емес мәндерінің үлес салмағының жалпы өсуі, соңғы жылдары осы тұқымдардың тірі салмақтарының өнімді көрсеткіштерімен аналитикалық талдау жүйесіндегі деректер базасының неғұрлым толық және сапалы толтырылғанын көрсетті. Қалмақ тұқымы малының асыл тұқымдық құндылығының көрсеткіштерін математикалық әдістермен есептеу үшін тірі малдар мен олардың ата-тектерінің деректері қолданылды, яғни 67 346 бас мал, оның ішінде 13 570 бас малдың индекстерін (көрсеткіштерін) есептеуге мүмкіндік берді. Қалмақ тұқымының бұқашықтары мен қашарлары 210 күндік жасында жинаған орташа тірі салмағы бірінші және элита класс талаптарына сәйкес келетіні байқалды[2; 5]. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей қалмақ тұқымы үшін 90% жағдайда туған кездегі тірі салмақ бойынша асыл тұқымдық құндылықтың математикалық есептік көрсеткіштерінің мәндері -7,76-дан +10,95-ке дейінгі аралықта болды; емізу кезіндегі тірі салмақ үшін -27,27-ден +89,41-ге дейін; тірі салмақ бойынша жылына -160,48-дан +55,21-ге дейін болды. Ең үлкен (ең жақсы) және ең кіші (ең нашар) индекс мәндері есептелген бағалаулардың барлық жиынтығына қатысты 10% шекаралық интервалдарда болатынын көрсетті.