STUDY OF POLYMORPHISM OF THE GENE OF BONE MORPHOGENETIC PROTEIN 15 (BMP15/FECX) IN KAZAKH MEAT WOOL SHEEP

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52081/bkaku.2023.v66.i3.104
Достоверность данных 85 высокая
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазақтың етті-жүнді қойы - өнімділігі бойынша елімізде алдыңғы қатарда тұратын қой тұқымына жатады.Бұл зерттеуде төлділікке жауап беретін BMP15 генінің 2 мутациясы қазақтың етті-жүнді бағыттағы қой тұқымында қарастырылады:В2 (c.718C>Т), В4 (c.1100G>T). Зерттеу кезінде 75 қойдың геномдық ДНҚ-сы бөлініп, полимеразды тізбекті реакция (ПТР) арқылы амплификацияланып, рестрикциялық фрагменттердің ұзындығы полиморфизміне (РФҰП) талдау жүргізілді, кездейсоқ таңдалып алынған 10 үлгіге аталған ген бойынша секвенирлеу жүргізілді. ПТР арқылы BMP15 генінің 310 жұп нуклеотидтен (ж.н.) тұратын фрагменті Hinf1 рестрикция ферменті арқылы өңделіп талдау жасалды. РФҰП талдау нәтижесінде Қазақтың етті-жүнді қой тұқымында анықталған мутациялардың мономорфты екендігі байқалды. Келесі ретте BMP15генінің қажетті фрагментіне сиквенс жасалды. Сиквенс нәтижесінде алынған тізбек бойынша NCBI базасындағы қолжетімді әртүрлі қой тұқымдарының ДНҚ сиквенс нәтижелерімен салыстырмалы талдау жасалды. Сонымен қатар, филогенетикалық талдау жүргізілді. Филогенетикалық сызбанұсқа бойынша нақты үш кластер құрылды, зерттеуге алынған үлгілер екінші кластерге біріктірілді. Жалпы сиквенс нәтижелері бойынша зерттеу тобындағы қойларда бірнеше жаңа бірнуклеотидті полиморфизм (SNP) локустары анықталды. Алдағы уақытта жаңадан анықталған SNP маркерлердің қызметтерін анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізілуі қажет.