COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДЕГІ БОСАНУ ЖӘНЕ БОСАНҒАННАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2023.38.95.026
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

COVID-19 вирусының ұрыққа әсері әлі күнге дейін көптеген пікірталастар мен зерттеулердің тақырыбы болып табылады, COVID-19 бар әйелдердің мерзімінен бұрын босану қаупі жоғары екендігі туралы деректер бар; дамып келе жатқан ұрыққа тікелей тератогендік әсері дәлелденбеген. Қазіргі уақытта COVID-19 бар жүкті әйелдің босану кезінде балаға вирус жұқтыруы мүмкін екендігі белгісіз. Бүгінгі күні вирус амниотикалық сұйықтық, плацента және емшек сүтінің үлгілерінде табылған жоқ. Алайда, COVID-19 бар жүкті әйелдердің асқынуларына мыналар жатады: түсік түсіру, ұрықтың өсуінің кешеуілдеуі, мерзімінен бұрын босану. Зерттеудің мақсаты: COVID-19 инфекциясымен ауырған жүкті әйелдерде босанудың ағымы және босанғаннан кейінгі кезеңге баға беру. COVID-19 ауырған жүкті әйелдерде жүктіліктің және босанудың ағымы бойынша ретроспективті талдау жүргізілді. Жүктілік COVID-19 пандемиясынан кейін әйелдердің 88,1% (53/60), салыстыру тобындағы жүкті әйелдердің 96% (58/60) (χ2=4,695, p=0,030) уақытында босанумен аяқталды. Мерзімінен бұрын босану пандемиялық тұмаумен ауырған жүкті әйелдерде жиі кездеседі. Мерзімінен бұрын босанудың даму жиілігі инфекцияның ауырлығына және гестация кезеңіне тікелей байланысты болды.