1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ КӨТЕРІЛІСІ: ЖАҢА ДЕРЕКТЕР

2023

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47649/vau.2023.v68.i1.03
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада XX ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанның қазіргі Атырау және Маңғыстау облыстарының территориясында бұрынғы тарихи әдебиеттерде «Адай көтерілісі» атымен белгілі болған Кеңес үкіметінің қысымшылық, озбырлық саясатына қарсы бағытталған халықтың жаппай күресі мен оны большевиктердің адам айтқысыз қатыгездікпен аяусыз жаныштап басуы туралы баяндалады. Азамат соғысынан кейінгі совет үкіметінің күштеу саясаты Батыс өлке халқының наразылығының артуына, жұртшылықтың байы бар, кедейі бар ашық күреске шығуына алып келді. Бұл мақаланың мақсаты - Адай көтерілісінің тек Маңғыстау өңірін ғана емес, ең әуелі Атырау облысының Қызылқоға, Ембі аудандарының Сағыз, Топырақшашқан, Жем өңірлерін қамтыған сол кезде өмір сүрген жұртшылықтың кеңестік биліктің әділетсіздігіне қарсы жаппай қатысқандығын баяндау болып табылады. Мақаланың нәтижесінде, тарих ғылымына бұрын белгісіз болып келген Адай көтерілісіне қатысты деректер көрсетілді. Қазан төңкерісінен кейін бүкіл республика бойынша және қазіргі Атырау облысының территориясында өмір сүрген халықтың әлеуметтік жағдайы өте төмен болды. Экономиканың табиғи даму заңдылықтарын есепке алмау және толассыз әкімшілендіру ауыл шаруашылығын мүлде мүшкіл халге түсіріп, жағдайды күрт шиленістіріп жіберді. Ол халықтың наразылығын туғызып, көтеріліске алып келді.