Маргиналдылық әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2023hph3/261-268
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала маргиналдылықты әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде қарастыруға арналған. Қазіргі таңдажаңа әлеуметтік күштер мен қатынастардың қалыптасу кезеңінде көптеген қоғамдар, соның ішінде қазақстандық қоғам да белгілі бір дәрежеде құндылықтық-нормативтік вакуумды бастан кешіріп жатқандығына байланысты, дәл осы кезеңде маргинализация процесі күрт күшейіп, өз ауқымында кеңейіп келеді. Жаңа бағдарлардың қалыптасуы жағдайында маргиналды адамдар тұрақты әлеуметтік бағдарлардан айырылады, оларға өздерін жеткілікті сенімділік пен айқындықпен анықтау өте қиын.Маргиналды күй адам бір мәдениеттен кетіп, оны өзінің болмысының сыртқы жазықтығында қалдырып, ол үшін жаңа мәдениетке сәйкес келмейтіндігімен сипатталады, бірақ ол оның сансыз көріністерінің қатысуымен өмір сүреді. Адам жаңа мәдени белгілерді игеру сатысында, бірақ оларды әлі игере алмайды. Бұл өтпелі, шекаралық әлеуметтік-мәдени жағдай ретінде маргиналдылықтың парадоксалды сипаты. Әдетте, маргинализация процесі күрт күшейіп, өз ауқымында кеңейеді. Адамдар сенімсіздік пен әлеуметтік тұрақсыздықты сезінеді. Осыған байланысты бұл мақаланың мақсаты маргиналдылық мәселесін тереңірек зерттеу қажеттілігі болды. Маргиналдылық мәселесін зерттеуге сүйене отырып, жеке адамда біртұтас және алуан түрлі, тұтас, атап айтқанда әмбебап және біртұтас болады деген қорытынды жасауға болады. Осыған байланысты маргинализация мәселесі жеке өзін-өзі анықтау арқылы шешілуі керек. Мақаланы жазуда маргиналдылық мәселелерін зерттеген философтар, әлеуметтанушылар және педагогтердің еңбектері қарастырылды. Авторлар маргиналдылық мәселесін шешуге арналған бірқатар ұсыныстар жасаған.