КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

2023

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47649/vau.2023.v68.i1.06
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай еңбек нарығын түбегейлі өзгертуде. Кәсіптердің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты кәсіби білім беруде мамандарды кәсіби психологиялық жағынан қалыптастыру көкейкесті мәселе болып отыр. Қазірдің өзінде жоғары білікті кәсіби мамандарды іздеу, оларды іріктеу жұмыстары елімізде қарқынды жүргізілуде. Кәсіби мамандарды даярлауда басты назар экономиканың шапшаң дамуына негізделген кәсіби ұтқыр, өз ісінің білікті мамандарын даярлау, кәсіби білім беру, мамандарды кәсіби психологиялық жағынан қалыптастыру мәселесіне көңіл аударуда. Болашақ мамандарға кәсіби білім беруде студенттердің кәсіби жағынан қалыптасуын, кәсіптік өмірдегі қиындықтарды еңсеруін, жұмысыз жастарды қайта бейімдеу, психофизиологиялық мүмкіндіктері шектеулі адамдарды кәсіптік оңалту, еңбек қабілеттілігін жоғалтпау жағына ерекше мән береді. Қазір жастар қандай мамандықты қаламасын, оның кәсіби жағынан өсуі өзінің таңдаған мамандығына байланысты. Кәсіпті таңдау, оны іріктеу, кәсіпті игеру, кәсіптік әрекеттің мазмұнын дұрыс түсіну, кәсіпті игерудегі кедергілерді дау дамайларды, дағдарыстарды жеңу, кәсіби жағынан қалыптасу мамандық таңдауда басты талаптар болып саналады. Мамандық пен кәсіпті таңдау күрделі болғандықтан қолданбалы психологияның саласы жас тұлғалардың біліктілігін жоғарлатудағы алар орны ерекше.