Азаматтық процеске аудармашыны қатыстыруды құқықтық реттеудің кейбір мәселелері

Journal of actual problems of jurisprudence, 2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/japj.2023.v107.i3.07
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазақстан республикасының Азаматтық процестік кодексі азаматтық процеске қатысатын аудармашыларға көп көңіл бөлсе де, бұл мәселені шешу жеткіліксіз және әлі де пысықтауды қажет етеді. Мақалада Азаматтық сот ісін жүргізуде қатысқан аудармашыларға ерекше міндеттер жүктелетіні, олар азаматтық процеске қатысқан кезде қажетті салаларда белгілі бір тілдік біліктілік пен білім деңгейіне ие болуы керектігі айтылады. Сонымен бірге, азаматтық процесте аудармашылардың жауапкершілігін реттеу мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігі сөз болады. Зерттеудің мақсаты: азаматтық процеске қатысатын аудармашының құқықтық жағдайы туралы теориялық және нормативтік ережелерді талдау. Зерттеудің идеясы: зерттеу барысында алынған нәтижелерді қорытындылай келе, негізгі тұжырымдар мен ұсыныстар келтіру. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы: Қазіргі қазақстандық Азаматтық іс жүргізу құқығының дамуы мен жетілу деңгейі, атап айтқанда, азаматтық процестегі аудармашының құқықтық жағдайын реттейтін нормалар сот төрелігінің демократиясын және оның іс жүргізу тілі қағидатының жүзеге асуына кепілдік беретін алғышарттарды қалыптастыру. Тәжірибелік маңыздылығы: Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген іс жүргізу тілі арқылы сот процесіне қатысатын аудармашының құқықтары мен бостандықтарды нақты қорғауды жүзеге асыру қабілетін анықтау. Зерттеу әдістемесі: Азаматтық процеске қатысатын тұлғалар институтының дамуы саланы айқындайтын қағидаттарды логикалық құқықтық талдау, және салыстыру негізінде жүреді. Жүргізілген зерттеудің құндылығы. Аудармашылардың азаматтық сот процесіне қатысу өкілеттіктерін құқықтық реттеу және осы мәселелерді шешу жолдарындағы олқылықтардың орнын толтыру. Түйін сөздер: азаматтық процесс, азаматтық іске қатысушылар, талап қоюшы, жауапкер, сот ісін жүргізу тілі, аудармашы, іс жүргізу құқықтары, іс жүргізу міндеттері.