MODERNIZATION OF THE INSTALLATION OF DEEP PROCESSING OF HEAVY OIL FRACTIONS

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2023-3-2-3-9
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазақстан Республикасы дәстүрлі мұнайдың расталған қорлары бойынша 10-шы орында және ауыр мұнайлардыңда үлкен қоры бар. Олардың ішінде Қаражанбас және Жанғұршы кен орындарындағы мұнай сапасы өте төмен. Осы кен орындарының мұнай мысалында авторлар әзірлеген вакуумдық-толқындық гидроконверсия технологиясының жоғары энергия тиімділігі көрсетілген, оларды халықаралық сапа стандарттарына сәйкес моторлы және кеме отындарына айналдырады. Бұл мақалада ауыр мұнайлар мен мұнай қалдықтарын мотор отындарына вакуумдық-толқындық гидроконверсиялаудың жоғары тиімді технологиясын құру арқылы мұнайдың ауыр фракциясын өңдеу қондырғысының жетілдіруі көрсетілген. Ауыр мұнай шикізатының гидроконверсиясының негізгі заңдылықтары қарастырылған, яғни мұнайдың ауыр фракцияларын терең өңдеу қондырғысын жетілдіру арқылы тиімділікті 20%-дан 92%-ға дейін арттыру, сонымен қатар бастапқы қайнау температурасы +200 ºС-тан +70 ºС-қа дейін төмендеуі және соңғы қайнау температурасы +630 ºC-тан +403 ºC-қа дейін, кинематикалық тұтқырлық бастапқы 32,77 мм2/с-ден 4,24 мм2/с-ге дейін, гетероатомдарды толық тазарту және бастапқы көмірсутек массасының 4 %-ға дейін өсуі көрсетілген. Мұнайға гидродинамикалық және электрогидравликалық әсерлерді зерттеу нәтижелері келтірілген. Мұнай қалдықтарын вакуумдық-толқындық гидроконверсия мен электрогидравликалық соққының аралас әдісін қолдана отырып, бензин фракциясы 30 %-ға дейін алу, реологиялық және тауарлық қасиеттерін жақсарту мүмкіндігі қарастырылған.