ЭЛЕКТР БЕРІЛІС ЖЕЛІЛЕРІНІҢ РЕЛЕЛІК ҚОРҒАНЫСЫ ҮШІН ГЕРКОНДАРМЕН ОРЫНДАЛҒАН ӨЛШЕУІШ ОРГАНДАР

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48081/jzzw5890
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

"Релелік қорғанысы құрылғыларының өлшеуіш органдар ретінде ток трансформаторларын пайдаланбай, геркондарды қолдану, оларды құрудың өзекті мәселесін шешуге мүмкіндік беретіні, атап өтілді. Осы уақытқа дейін белгілі болған геркондардармен орындалған өлшеуіш органдар электр беріліс желілерін релелік қорғанысы үшін пайдаланған кезде келесі кемшіліктерге тән екендігі анықталды: төмен сезгіштігі, өйткені желінің сымдары жел жүктемелерінің әсерінен тербелістеу мүмкін (яғни кеңістіктегі орнын өзгертеді), ал геркондар бастапқы қалпыда қалады; аталған жүктемелердің әсерінен өлшеуіш органның өзі сынуы мүмкін, бұл сенімділіктің жеткіліксіздігін сипаттайды; қос тізбекті электр беріліс желілері үшін қолдану мүмкін емес. Электр беріліс желілерін релелік қорғаныс үшін геркондармен орындалған екі жаңа өлшеуіш орган ұсынылған, оларда көрсетілген кемшіліктер жоқ: біріншісі – кернеуі 500 кВ желіні қорғау үшін, екіншісі – параллель желілерді қорғау үшін. Олардың құралымдары мен жұмысының толық сипаттамасы берілген. Өлшеуіш органдардың жаңалығы, төрт тікбұрышты брустар мен екі пластинаны, екі Т-тәрізді брустар және П-тәрізді пластиналар, біреуі трапеция тәрізді пластинасы, бірінші жағдайда алты бұрандалы тартымы және екіншісінде – екі бекіткіш жолақты, арқансымды, екі талрепті, екі дискіні және екі тесіп өткен ойық бар қақпақты, пайдалану болып табылады. Кілтті сөздер: қорғаныс, өлшеуіш орган, геркон, электр беріліс желісі, құралым, бекіту. "