Аннотация
АңдатпаТақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасы халықаралық нарықтағы өз жағдайын жақсарту үшін белсенді күресуде, ал Қазақстан үшін сыртқы сауда ұлттық экономиканы көтеру және ішкі экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін қаражаттың негізгі көзі болып табылады.Мақалада Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының құрылымы зерттелді, 2013-2022 жылдардағы экспорт пен импорттың тауарлы құрылымына динамикалық талдау жасалды; Пандемияға дейін, пандемия кезінде және пандемиядан кейінгі экспорт пен импорттағы құрылымдық өзгерістерге зерттеулер жүргізілді.Мақсаты -Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының даму тенденцияларын және олардың ағымдағы жағдайын бағалау.Әдістер -жүйелік, талдау және синтез әдістері сияқты жалпы ғылыми әдістер қолданылады.Сыртқы сауданың ең маңызды нысандары экспорт пен импорт болып табылады, өйткені бұл процестер елдің сыртқы сауда айналымын құрайды.Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметінің нәтижелерін талдай отырып, экспорт көлемі мен импорттың көлемінің өзгерісі талданды.Жалпы, отандық сыртқы сауданың дамуы тұсында бірқатар мәселелер тұр: шетелдік нарықтағы ауытқулар мен көптеген өзгерістерті болжай алу, нақты бір мемлекеттердің нарықтағы жағдайына ақпараттық көмек көрсету.