Аннотация
АбстрактБұл ғылыми мақаланың мақсаты цифрлық технологиялардың қаржылық болжауға әсерін зерттеу және олардың Қазақстандағы даму болашағын бағалау болып табылады.Зерттеу барысында әдеби шолу және деректерді талдау жүргізілді.Зерттеу нәтижесінде цифрлық технологиялардың қаржылық болжамдардың дәлдігі мен жылдамдығын жақсартуға айтарлықтай әлеуеті бар екендігі анықталып, бұл тез өзгеретін нарық жағдайында жақсы шешімдер қабылдауға ықпал айтарлықтай көмек болатынын байқадық.Алайда, Қазақстанда қаржылық болжауға цифрлық технологияларды енгізу дамудың бастапқы сатысында екені анықталды және оқытуға, бейімделуге және технологиялық жаңартуға қосымша инвестицияларды талап етеді.Сонымен қатар, цифрлық технологияларды қаржылық болжауға енгізу қазақстандық қаржы ұйымдарының халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін едәуір күшейте алады деген пікір білдірді.Осы зерттеудің нәтижелері Қазақстанда қаржылық болжауда цифрлық технологияларды дамыту жөніндегі стратегияларды талқылау және әзірлеу үшін, сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттыру және осы саладағы технологиялық дамуға инвестициялау үшін пайдаланылуы мүмкін.