Оқу процесінде құндылықтар тұрғысынан тарихи білімнің тәрбиелік әлеуетін арттыру негіздері

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2023-3-77-87
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Оқу процесінде оқу пәнінің тәрбиелік мазмұнын құндылықтар негізінде интеграциялауға көп көңіл бөлінуде. Сондықтан қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтаудың өзектілігі артып келеді. Құндылықтар мен оларды түсінуге назар аудару тарихтың бетбұрыс кезеңдерінде ерекше маңызға ие. Біздің қазіргі ұлттық құндылықтарға жүгіну білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды қағидаттарының бірі болуға тиіс. Тарих сабақтары арқылы білім алушыларға тәрбие беру мүмкіндіктерін әр педагог оқу процесінде басшылыққа алуы тиіс. Мақалада тарих сабақтарындағы тәрбие бағыттары: азаматтық-патриоттық тәрбие беру, жалпы мәдени және рухани құндылықтарды тәрбиелеу, тарих сабақтарындағы адамгершілік тәрбие, еңбек тәрбиесі эстетикалық тәрбие, құқық тәрбиесі өлкетану материалдарымен жұмыс негізінде тарих сабағының тәрбиелік міндеттерін анықтау негіздері қарастырылған. Тарих пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мазмұнын жетілдіру бойынша құрылған жұмыс тобын құрайтын Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі пән мұғалімдерімен сұхбат барысында оқу поцесінде оқыту мақсаттары негізінде білім мазмұнының тәрбиелік әлеуетін көтерудегі мәселелер айқындалды. Мақалада зерделеу бойынша тарих сабақтарында құндылықтарды оқу мазмұнына кіріктіру, тарих сабақтарында құндылықтарды оқытуда қолданылатын әдістер, тарих сабақтарында құндылықты арттыру қозғалады.