Туыс тілдерді оқыту үдерісіндегі фонетикалық дағдыны қалыптастыру тәсілдері

2022

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2664-5157-2022-3-71-84
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі ақпараттық технология заманы өрісін кеңейтіп отырған тұста түркі әлемінен келіп, елімізде тіл үйреніп жүрген кісілер үшін қазақ тілі қарым-қатынас құралы болып отыр. Осыған орай қазақ тілін туыс тіл ретінде оқытудың жаңа әдістерін ұсыну өзекті мәселе екені анық. Бұл мақалада қазақ әліпбиін туыс тілде сөйлетіндерге ән мәтіні арқылы үйрету мен олардың сөздік қорын байытудағы лингводидактикалық ұстанымдар авторлардың өзіндік тәжірибеде жеткен жетістіктері мен нәтижелері арқылы баяндалады. Ән адамдардың тіршілігінде маңызды рөлге ие, себебі ол сол елдің тарихы, мәдениеті, фольклорынан мағлұмат береді әрі ақпаратты жадында ұзақ сақтауға мүмкіндік туғызады. Сабақтағы мотивация – тіл үйренушінің табысқа жету жолы. Біздіңше, туыс тілдер мәдениетіндегі музыкалық шығармаларды тыңдап, естігенін орындауы кезінде тіл үйренушілердің дүниетанымы мен тіл байлығы кеңейеді және коммуникативтік дағдысы қалыптасады. Ендеше, қазақ тілінің әліпби құрамындағы төл дыбыстарды ырғақты әуенмен тыңдау тіл үйрету сабағының басты ерекшелігі болуы тиіс. Ал дыбыстарды дұрыс айту қарым-қатынас құралы ретінде тіл үйренушілердің сөздік қорын дамытады әрі ән арқылы әуеннің ырғағын сезіндіре алады. Сондай-ақ фонетикалық және лексикалық дағдысын қалыптастырып, есту қабілеттерін дамытады. Қазақша ән тыңдау кезінде туыс тілде сөйлейтіндер өзіне таныс дыбыстарды естіп, қазақ тілінде жатық сөйлеуді үйренеді.