Шымкент қаласы аумағындағы антропотопонимикалық әпсаналардың поэтологиялық пішіні

Turkic Studies Journal, 2022

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2664-5157-2022-2-7-21
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Шымкент қаласы аумағында орналасқан Ұлы Жібек жолыныңтарихи топонимдерінің атаулары зерттеледі. Топонимдерді атауда этникалықтілдің қорына сіңген және халықтың мәдениеті мен тұрмысында ерекшекөркемдік-танымдық мәні бар фольклорлық материалдың маңызы зор.Сондықтан топонимиканы лингвистикалық аспектіде ғана емес, әдебиеттануда,фольклорда тарихи дереккөздер негізінде зерттеу өзекті және сұранысқаие. Бұл мақалада Шымкент қаласының Қошқар ата, Субұрған ата, Дәруішата, Қамбар ата сынды тарихи орындарының атаулары антропотопономикатұрғысынан зерделенді.Антропотопонимия кісі аттарына, мифологиялық кейіпкерлерге, халықтықмифтер мен аңыздарға байланысты нысандарды және елді мекен атауларынзерттейді. Мақаламызда тарихи тұлғалардың, фольклорлық-мифологиялыққаһармандардың, әпсана кейіпкерлерінің есімдерімен байланысты топо-нимдерді де антропотопонимикалық деп таныдық.Мақала авторлары фольклорлық мәтіндерді мотивтік салыстырунегізінде жекелеген жер-су атауларының антропотопонимиялық әпсаналардабейнеленуін және ерекше ісімен ел жадында сақталған тұлғалардыңәңгімелерін қарастырады. Шетел әдебиеттануында «поэтикалық ономастика»деген ұғым бар екені ескеріліп, бұл ұғымның пайда болуы фольклорлықтопонимдердің көркемдік құрылымы мен ондағы қолданылған бейнелеутәсілдеріне байланысты екені көрсетілді.Зерттеу нысанына алынған әпсаналарды талдау нәтижесінде Ұлы Жібекжолының тек сауда қатынасы ғана емес, мәдени-рухани байланыста дамаңызды қызмет атқарғандығына назар аударылды.