Creative personality and authoral concept in А. Nurshayikov's prose

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph.2023.v191.i3.ph11
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Ә. НҰРШАЙЫҚОВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТҰЛҒА ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯБұл мақалада Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың прозасындағы шығармашылық тұлға болмысын таныту мәселесі қарастырылады.Қаламгер туындыларында бейнеленген шығармашыл тұлғалардың дара табиғатын әр қырынан таныту, олардың рухани-адами қасиеттерін сипаттау барысында қолданған көркемдік тәсілдерін айқындау зерттеудің негізгі бағыттары мен мақсатына айналады.Зерттеудің басты объектісіне айналған «Ақиқат пен аңыз» роман-сұхбаты, «Тоғыз толғау» повесть-монологы, «Екі естелік» эсселері жазушының өзіндік дара стилін таныта алған туындылар екенін нақты мысалдармен дәлелдеп көрсетеді.Қазақ әдебиетінің майталман қаламгерлері Бауыржан Момышұлы, Сәбит Мұқанов, Мәлік Ғабдуллин, Әбділда Тәжібаев, Мұхтар Әуезов сияқты шығармашылық тұлғалар бейнесін сомдауда автордың деректілік негізді, өзі куә болған жайттарды ұтымды нарративтік тәсілдермен баяндауы контекстік мысалдармен дәлелденеді.Қаламгердің өз кейіпкерлерімен кездесу, сұхбаттасу сәттеріндегі түйсінулерін көркемдікпен жеткізу тәсілдері сөз етіледі.Шығармашылық тұлға болмысын аша түсудегі автордың субъективті-шығармашылық іс-әрекетін ғылыми таным мен талдаулар нәтижесінде түсіндіреді.Қаламгер сомдаған шығармашылық тұлғаларға тән ұлылық пен даралық, парасаттылық пен даналық, батырлық пен батылдық, ұлтжандылық пен патриоттық, мейірімділік пен бауырмалдық, қаталдық пен талапшылдық, адалдық пен шыншылдық, қарапайымдылық пен шынайылық сияқты қасиеттерді портреттік, психологиялық сипаттамалармен таныта білген қаламгер шеберлігін сөз етуі зерттеудің өзектілігі мен маңыздылығын байқатады.Зерттеу тақырыбына бағыт-бағдар беретін шетел мен отандық ғалымдардың шығармашылық теория жайындағы теориялық зерттеулеріне жүгінуі мақалада қарастырып отырған мәселенің шешімін жүйелі аша алуына септігі тигендігін байқатады.