"ҚАЗІРГІ ФЭНТЕЗИ ШЫҒАРМАЛАРДА ФОЛЬКЛОРЛЫҚ САРЫНДАРДЫҢ КӨРІНІС ТАБУЫ "

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48081/xpuf9857
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

"Мақалада қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие болып отырғанына қарамастан, Қазақстанда теориялық тұрғыдан әлі де болса жеткілікті дәрежеде зерттеле қоймаған фэнтези жанрындағы шығармаларда әмбебап және ұлттық фольклорлық мотивтердің көрініс табуы және олардың өзгеруі анықталады. Бұл мақалада З. Наурызбаева мен Л.Калаустың «Бату және оның достары «Алтын тостағанды іздеу» повесті мен Тауфих Шеғировтің «Келешек туралы» роман-фэнтезиі шығармалары мысалында түркі мифологиясын бейнелеудің модельдері, фольклор элементтерінің көрініс табуы дескриптивтік әдіснама негізінде эпмирикалық тәсіл арқылы қарастырылады және Дж. К. Роулиннің Гарри Поттер туралы шығармаларымен салғастырмалы түрде талданады. Қазіргі әдебиеттегі мифологияны бейнелеудің екі моделі туралы айтуға болады: мифологиялық «шындықты» қайта құру немесе ежелгі халықтардың мифопоэтикалық көзқарастарына негізделген авторлық миф жасау. Қалың оқырман көңілінен орын тауып жүрген фэнтези шығармаларда фольклорымыз қандай күйде және қаншалықты беріліп жатыр деген сұрақ осы мақаламызға арқау болды. Талдау нәтижесінде фольклорлық архетиптер жоғарыда аталған шығармаларда негізгі рөл атқаратындығы және онда авторлық интерпретациясы негізінде ерекше трансформацияға ұшырағандығы анықталады. Сондай-ақ шығармалардағы басты кейіпкерлердің қазақ фэнтезиінде де, ағылшын фэнтезиінде де ертеден келе жатқан жыныстық таптаурындарға сай жасалғандығын ескерсек, оның себебін анықтау зерттеуіміздің жалғасы болмақ. Кілтті сөздер: фэнтези, фольклорлық мотивтер, мифтік образ, трансформация, балалар әдебиеті. "