ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.55871/2072-9847-2023-60-3-98-110
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Экономикалық өсу – барлық елдердің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі. Оның динамикасы бойынша ұлттық экономиканың дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі, ресурстардың шектеулілігі мәселесі қалай шешілетіні бағаланады. Экономикалық өсу кез-келген экономикалық жүйелердегі қоғамдық өндірістің маңызды сипаттамасы болып табылады. Ұлттың экономикалық дамуы мен әлеуметтік өркендеуіне мүдделі мемлекеттер өсудің тікелей және жанама факторларын пайдалану қарқынын жеделдетуге және жандандыруға бағытталған арнайы бағдарламалар әзірлейді, стратегиялар қалыптастырады. Бұл мақалада экономикалық өсудің алғышарттары мен шектеулері, экономикалық өсу факторлары жүйесін іске асыру алгоритмі жасалынды. 2017-2021 жылдар аралығында Қазақстан экономикасының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері талданды. ҚР экономикалық өсудің негізгі факторларының (ҒЗТКЖ ішкі шығындар, импорт, экспорт, жұмыссыздық деңгейі, күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы, негізгі капиталға салынған инвестициялар, ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің, өңдеу өнеркәсібінің, өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индекстері) ЖІӨ-не әсерін бағалау үшін корреляция-регрессиялық талдау жүргізілді.