ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕРДІ ГЕНЕРАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ВЕГЕТАЦИЯЛЫҚ ИНДЕКСТЕРДІ ЕСЕПТЕУ ҮШІН ҒАРЫШТЫҚ СУРЕТТЕРДІ ТАҢДАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ (БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫ МЫСАЛЫНДА)

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2023-3-2-93-108
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Соңғы жылдары ЖҚЗ деректерін пайдалана отырып, вегетациялық индекстерді есептеу, соның ішінде өсімдіктердің нормаланған айырмашылық индексі (NDVI) бойынша жерді пайдалану мен жер жамылғысының өзгеруін анықтау және бақылау әдісі кеңінен қолданылады. Ұсынылып отырған жұмыста MODIS (MOD13Q1) деректерін пайдалана отырып, 2002, 2012 және 2022 жылдардағы Батыс Қазақстан аймағының көктем және жаз айларындағы NDVI және мамыр айындағы EVI индекстері есептелінді. Зерттеу аумағындағы NDVI индексінің сандық мәндері: 0-ден 0.15-ке дейін өте төмен, 0.15-ден 0.2-ге дейін төмен, 0.2-ден 0,3-ке дейін орташа, 0.3-тен 0.4-ке дйін жоғары және 0.4-тен жоғары өте жоғары көрсеткіштерімен бағаланды. 2002 жылы зерттеу аумағындағы өсімдік жамылғысының өте төмен (0-0.15) көрсеткіштеріне жататын жерлердің ауданы 0.78 млн гектардан 2022 жылы 19.21 млн гектарға, ал өсімдік жамылғысының төмен (0.15-0.2) көрсеткіштеріне ие жерлердің ауданы 14.05 млн гектардан 17.48 гектарға өскен. Алайда, 2002-2022 жж аралығында өсімдік жамылғысының орташа (0.2-0.3) көрсеткішіне ие жерлердің ауданы 24.13 млн гектардан 15.72 млн гектарға, жоғары (0.3-0.4) көрсеткіштегі жерлер 20.54 млн гектардан 11.4 млн гектарға және өте жоғары (>0.4) санаттағы жерлер 13.27 млн гектардан 7.98 млн гектарға дейін қысқарған. 2022 жылғы көрсеткіштер бойынша аумақтағы өсімдік жамылғысының кейбір санаттары 2012 жылға қарағанда жақсарған, алайда, өсімдік жамылғысы өте төмен (0-0.15) көрсеткіштеріне ие жерлердің ауданы үздіксіз ұлғайып келеді. Мұндай учаскелердің басым бөлігі Маңғыстау облысында болғандықтан Landsat 8-9 (OLI-TIRS) деректері негізінде қосымша NDVI, EVI, GNDVI және CVI индекстері есептелінді. Зерттеу нәтижелері соңғы жылдары аумақтың өсімдік жамылғысының нашарлауының негізгі себебі климаттық факторларға, атап айтқанда температураның жоғарылауына және жауын-шашынның азаюына тікелей байланысты екенін анықтады.