ҮЙ ЖӘНЕ ЖАБАЙЫ ҚҰСТАР АСПЕРГИЛЛЕЗІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ КӨРІНУІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2023-3-1-98-112
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада табиғи жағдайда аспергиллезбен ауырған ересек 4-бүркіт және 8 - күрке тауық құстар өлекселерінің клиникалық көрінуі, патологиялық анатомиялық және гистологиялық зерттеу нәтижелері берілген. Күрке тауықтарда негізгі патологиялық анатомиялық өзгерістер өкпеде және ауа қапшықтарында тіркелді. Ауру жіті өткенде күрке тауық балапандарының өкпесі диффузды–қызыл, кей жерлері сұрғылт түсті және гепатизацияланған ошақтар да араласып кездесті. Ауру созылмалы өткенде күрке тауықтар өкпесінде жекелеген және көптеген ақшыл-сарғыш түсті, әртүрлі көлемді түйіндер байқалды. Мүшелердің аспергиллездік зақымдалуы ошақты түрде әртүрлі көлемді, домалақ пішінді, консистенциясы нығыз шашылып орналасқан түйіндер және зеңнің жайылып төселіп түзілуімен сипатталды. Ал, бүркіттерде аспергиллез генерализацияланған түрде тіркелді. Бұл жағдайда, аспергиллездік гранулемалар кеңірдектің бифуркацияланған аймағындағы кілегейлі қабықтарында, өкпеде, қабырғалар бетіндегі плевраларда және ауа қапшықтарында, бауырда, ас қорыту мүшелерінің сірлі қабықтары астында орналасты. Күрке тауықтар мен бүркіттердің зақымдалған мүшелері мен ұлпаларында пайда болған гранулемалардың микроскопиялық құрылымы жағынан бір – біріне өте ұқсас болды. Барлық гранулемаларда сырты макрофагтармен, лимфоциттермен және плазмалық торшалармен қоршалған некроз ошағы пайда болғанын анықтадық. Барлық ескі гранулемалардың сырты ван-Гизон тәсілімен бояғанда қызыл түске боялған фиброзды дәнекер ұлпамен қоршалды. Барлық некроз ошақтарында аспергиллездің буындалған және бұтақталатын мицелийлері орналасты. Оларды Шифф-реактивымен бояғанда мицелий гифтеры қанық қызыл түске боялып анық көрінді. Аспергиллездік гранулемалардың сыртын қоршаған грануляциялық ұлпада көптеген майтамшылары бар көбіктенген торшалар кездесті.