БЕКІРЕТҰҚЫМДАС БАЛЫҚТАРЫНАН АЛЫНҒАН ТАУАРЛЫҚ УЫЛДЫРЫҚТЫ ӨҢДЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІН АНЫҚТАУ

2022

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2022-1-1-157-165
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада бекіретұқымдас балықтарды (орыс бекіресі, сібір бекіресі, сүйрік және т.б) өлтірмей, тірі күйінде алынған уылдырықтарды өңдеудің технологиясын жетілдірудің зерттеу нәтижелері және уылдырықтарды өңдеу бойынша технологияны жетілдірудің регламенттері келтірілген. Бұл әдістеме көбінесе бекіре өсіру шаруашылықтарында бекіретұқымдас балықтарды өсіріп олардан өлтірмей уылдырық алған кезде қолданылады (орыс бекіресі, сібір бекіресі, сүйрік және т.б). Бекіретұқымдас балықтарынан өлтірмей алу әдісімен алынған уылдырықтарды өңдеу технологиясын жоғары деңгейде жүргізу үшін мақалада зерттелінген обьектілермен аймақтардың тиімділігі келтірілген. Сонымен қатар технологиялық факторларды сақтаушы қолайлы параметрлердің көрсеткіштері – температуралық режим, шылымсыздандырудың түрі мен режимдері келтірілген. Зерттеу нәтижелеріндегі әдістеме бойынша уылдырықтарды өңдеу барысында уылдырықтың химиялық құрамы өзгереді, су көлемі азаяды, май, ақуыз, минералды заттар, экстрактивті қосылыстар құрамы жоғарылайды. Уылдырықтарды жылы температурада өңдеу кезінде пастеризацияға дейін тұздардың уылдырыққа ену есебінен ақуыздардың денатурациялануы төмендейтіні анықталды. Зерттеу жұмыстарынан күтілетін нәтиже уылдырықтың сақталу сапасына қол жеткізу. Мақалада келтірілген нәтижелер балықтарды өлтірмей алу әдісімен алынған уылдырықтарды өңдеу бойынша зерттеу жұмыстарын алдағы уақытта зерттеуге көп мүмкіндік беретіні белгілі.