МҮЙІЗДІ ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ ЭНЗООТИЯЛЫҚ ЛЕЙКОЗЫНА АРНАЛҒАН ДИАГНОСТИКАЛЫҚ СТАНДАРТТЫ ҚАН САРЫСУЫН СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ ВАЛИДАЦИЯЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2023-2-1-37-46
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Соңғы он жылда әртүрлі жұқпалы ауруларды зертханалық балау кезінде, соның ішінде вирустық инфекцияларды балауда қолданылатын диагностикалық тест-жүйелерінің тексеруде стандартты қан сарысуларды қолдану қарқынды дамып келеді. Диагностикалық мақсатта мүйізді ірі қараның (МІҚ) лейкозын Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы ұсынған серологиялық балау әдістері иммуноферменттік талдау және агар геліндегі иммунодиффузды реакциясында кеңінен қолданылады. Осы әдістермен зерттеулер жүргізгенде ИФТ және ИДР диагностикалық тест-жүйелерінің Европалық экономикалық одақтың (European Economic Community, EC, енді European Union) бақылаулық зертханаларынан тексерістен откен, халықаралық стандарт Е05 қан сарысуымен тексеріледі. Елімізде шығарылатын және шетелдік өндірушілердің диагностикалық тест-жүйелерінің сапасын бағалау үшін және диагностикалық зертханаларда талдаулардың орындалу сапасын арттыру мақсатында стандартты қан сарысуларының қолданудың маңызы зор. ЕО-мүше елдерде МІҚ лейкозына қарсы антиденелерді анықтауға арналып жасалатын қан сарысулар міндетті түрде ЕО5 қан сарысуымен стандартталуы керек. «Қазақ ғылыми- зерттеу ветеринария институты» ЖШС-нің вирусология зертханасында МІҚ лейкозын балауға арналған тест-жүйелердің сапасын бақылау үшін ұлттық стандарты қан сарысулары (Q-1/19-позитивті, К-1/19-негативті) әзірленді. Әзірленген ұлттық стандартты қан сарысулары МІҚ энзоотиялық лейкозын зерттеу жөніндегі Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның референттік зертханасында (PiWet, Польша) оң баға алды, ұлттық стандартты қан сарысуына халықаралық ЕО5 стандартқа сай екенін құптайтын сертификат алынды. Ұлттық стандартты қансарысу қазіргі кезде диагностикалық тест-жүйелердің сапасын бақылауда қолданылады. Әзірленген стандартты қан сарысуы Q-1/19 үш жыл сақтау мен пайдалану кезінде телімділігі мен сезімталдығының тұрақтылығын халықаралық стандартты қан сарысуымен Е05 және Р9 (Польша) салыстырмалы зерттеулер жүргізілді. Мақалада әзірленген стандартты қан сарысуларын белгілі шетелдік тест-жүйелері өндірушілерінің IDEXX Leukosis Blocking, IDEXX Leukosis Serum X2, IDEXX Leukosis Serum Screening серологиялық балауға арналған ИФТ әдістерінде тексерудің салыстырмалы нәтижелері мен стандартты қан сарысуының сақтау мерзімінің нұсқаулығы көрсетілген.