Алғашқы жазу мәдениеті мен діни ағымдардың пайда болу кезеңдері

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59358/ayt.1312127
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Автор өз мақаласында ерте дәуірлерде солтүстіктен оңтүстікке қарай көшкен арий, сақ секілді көшпелі тайпалардың тұрмыс-тіршілігі, наным-сенімі мен діни түсініктері және үдере көшу себептеріне талдау жасайды. Жазба мәдениеті мен қала мәдениеті жақсы дамыған көне дәуірлердегі Мысыр, шумер, аккад, бабыл, парсы секілді халықтардың жазба әдебиеті мен діни сенімдерінің ерекшеліктеріне тоқталады. Таяу Шығыстағы диқаншылық пен мал шаруашылығының дамуы мен қала мәдениетінің өркендеуі сол кезеңде көптеген халықтардың бір-бірімен тығыз араласуына, өзара ұғыныса алатын ортақ тілдің келіп шығуына әсер еткендігін, түрлі халықтардың мифтік түсініктері мен діни ұғымдарының араласуы салдарынан көптеген ұқсас персонаждардың пайда болуының сырына үңіле қарайды. Зороастризм секілді алғашқы діннің дүниеге келу себептерін де жазу мәдениеті мен түрлі діни сенімдердің бір орталыққа тоғысуы салдарынан іздейді. Зерттеу барысында антика дәуіріндегі грек ғұламаларының еңбектері мен шығыстану саласында арнайы зерттеулер жүргізген ғалымдардың, сонымен қатар тіл тарихына қатысты шетелдік ғалымдардың еңбектері негізге алынды. Фольклордағы мифтік ұғымдардың шығу төркінін анықтауда теология, тарих, әдебиет, антропология секілді гуманитарлық бағыттағы қолданылатын тарихилық, ұлттық танымдық логикаға қатысты методологиялық зерттеу тәсілдері қолданылды.