ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ АГРОКЛАСТЕРЛЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІНДЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2023-1-3-282-291
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бүгінгі күннің мәселесінің бірі болып ауыл шаруашылығы өнімін бастапқы қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау және өткізу инфрақұрылымын құру, шағын және орта агробизнестің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қаражат іздеу, ұсақ тауарлы өндірістің ауыл шаруашылығы тұтыну кооперациясы және оны ірі агробизнеспен интеграциялау негізінде ауыл аумақтары бойынша ауыл шаруашылығы өнімін орналастыру және өндіру көлемі арқылы олардың орнықты дамуы үшін жағдайлар жасау міндетін шешу болып табылады. Шағын тауарлы агробизнесті тиімді дамыту ауыл шаруашылығы өнімдерін шағын шаруашылық нысандарында өндіруді және өткізуді ұлғайтуға, ауыл халқының жұмыспен қамтылуын және өзін – өзі жұмыспен қамтуын, оның кірістерін арттыруға ғана емес, сонымен қатар басқа да аралас салаларда-өңдеу өнеркәсібінде, көлікте, саудада қосымша әлеуметтік және экономикалық әсер алуға ықпал етеді. Соңғы екі онжылдықтағы әлемдік тәжірибе нарықтық жаһандану жағдайында экономиканың жетекші секторларының жылдам өсуі әлеуметтік-интеграциялық жүйелерді және олардың ең тиімді нысаны – инновациялық кластерлік бірлестіктерді құрудың оң тәжірибесін қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін екенін көрсетеді. Кәсіпорындарды кластерлеу-бұл жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік және коммерциялық өзара әрекеттесу әлеуетін ескеретін күрделі және көп қырлы процесс. Шекара маңындағы өңірлер шеңберіндегі өзара тиімді кооперациялық ынтымақтастық нәтижесінде олардың басқарушылық жетістіктері мен артықшылықтарын тарату және жеке бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсаты бар.