ЦИКЛДЫҚ ТЕОРИЯ ЖӘНЕ М. ЧЕХОВТЫҢ АКТЕР ШЕБЕРЛІГІН ШЫҢДАУ ӘДІСТЕМЕСІ

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2023.1-19
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада М. Чеховтың актерлік шеберлікті шыңдау әдісінің ерекшеліктері қарастырылады. Осы ретте К.С. Станиславский жүйесінен айырмашылықтары талданып, тұжырымдалады. Зерттеу жұмысының мақсаты мәдени-тарихи циклдердің өзгеру тетіктерінің бірі инверсия заңдылығын театр өнерімен сабақтастыра отырып қарастыру болып табылады. Циклдық теория бірқатар ғылым салаларында қолданысқа ие. Ол қалыптасқан мәдениеттің даму үдерісі барысында өзге де үрдістер мен мәдениет түрлерінің пайда болуын білдіреді. Циклдық теория туралы ғылымда бірқатар пікірлер қалыптасқан. Олардың басым көпшілігі циклдық даму теориясы жағдайында мәдени үдерістер сызықтық сипатта емес, мәдениеттің пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы және құлдырауы сынды кезеңнен тұратын, үдемелі үдеріс екендігін тұжырымдайды. Зерттеу нәтижесінде циклдық теория мәселесіне қатысты Н. Макиавелли, Джамбатиста Вико, Н. Данилевский, О. Шпенглер және де Н. Хренов, А. Ахиезер сынды зерттеушілердің тұжырымды ойлары тұжырымдалып, театр өнері саласындағы ерекшеліктері сипатталды. Мәдениеттің үлкен бір саласы театр өнері десек, бүгінгі таңда өнертану саласында оның даму ерекшеліктер де осы теория негізінде талдануы тиіс. Әлемдік театр сахнасы мен актерлердің кәсіби шеберлігін қалыптастыруда «Станиславский жүйесі» бар екендігі белгілі. К.С. Станиславскийдің шәкірттерінің бірі М. Чехов қалыптасқан дәстүрді толықтырып, актерлік шеберлікті шыңдаудың өзіндік әдісін қалыптастырғаны дәлелденді. М. Чехов өзіне дейінгі театр өнерінің даму ерекшеліктерін ескере келе, актер шеберлігін қалыптастыруда түпсананы ояту, психологиялық ым-ишарат, кейіпкердің бейнесіне ену сынды бірегей әдістерді ойлап тапты. Зерттеу жұмысы барысында жасалған тұжырымдар өнертану саласындағы жаңа ғылыми-зерттеу бағыттарын айқындауға үлесін қосады.