ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ КӨРКЕМДІК-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2023.2-07
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Тәуелсіздік жылдары әдебиетімізде өнімді қызмет атқарып, түрлі жанр бойынша жазып жүрген әр түрлі буын өкілдерінің шығармашылығы сөз болады. Тақырыпты ашу барысында фэнтези жанрында жазып келе жатқан қаламгер Зәуре Төрехан, танымал қаламгерлер Әлібек Байбол, Елдос Тоқтарбай шығармаларындағы көркемдік және ғылыми ұстанымдарына назар аударылды. Зерттеуде жаңашыл қаламгер Зәуре Төреханның «Амина Туран в стране номадов», «Үй пірлері» ертегілеріндегі ұлттық құндылықтардың берілу жолдары, тілдік референциясына талдау жасалады. Автордың «Үй пірлері» ертегісінің бас кейіпкері - Айша бейнесі жан-жақты ашылады. Басқа мектеп оқушысынан артықшылығы жоқ оның бой түзеген сәттегі мінез-құлық ерекшеліктері айқындалған. Оның бойындағы ашушаңдығы - жақсы көру сезіміне, кінамшылдығы - кешіре білуге, қорқынышты - батылдыққа айналдыра білудегі шеберлігінен үйренеміз.Әлібек Байбол - жиырма бірінші ғасырдағы қазақ балалар мен жасөспірімдер тақырыбын қаузай отырып, балалар драматургиясы мен әдебиетінде өнімді еңбек етіп келе жатқан талантты қаламгерлердің бірі. Оның «Теміржол вокзалы», «Құлдар патшалығы», «Ой ұшқындары», «Ғинаят», «Гүлдің аты – Махаббат» драмасы негізінде шеберлік қырлары айқындаладыЕлдос Тоқтарбай – балаларға арналған «Ақ желкеннің ұландары» (2015), «Жетісу аңыз-әңгімелері» (2020), «Тау құсы» (2021) әңгімелер мен хикаяттар кітабының авторы. Сондай-ақ алаштануға байланысты еңбектері де қарастырылады. Аты аталған жастар есімін бүгінгі сөз өнеріне қатысы бар оқырман білуге тиіс. Ғылыми зерттеу нәтижелерін қазақ драматургиясына байланысты зерттеу жұмыстарында талдап-таразылауға болады.