АСПАЛЫ КРАННЫҢ ЖҮК-АРҚАЛЫҒЫНЫҢ ДИНАМИКАЛЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫН МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛІН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУ

2023

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2023-126-3-91-105
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Тау-кен өндірісінде тау жыныстарын өндіру мен байытудың технологиялық процестері кезінде ауыр жүктерді көтеруге және тасымалдауға аспалы крандары қолданылады. Аспалы кранның негізгі компоненттері құрылымның жоғарғы жағындағы көлденең арқалықты (жолақты) қолдайтын тік тіректер (аспалар) болып табылады. Рельсте жүктерді көтеру және жылжыту үшін шығыр немесе грейфер сияқты жүк ұстау механизмі орнатылған. Сонымен қатар, крандарда қашықтан басқару пульті немесе оператор кабинасы сияқты әртүрлі басқару жүйелері болуы мүмкін. Алайда, кранның жұмысы барысында оның конструкциясына жоғары талаптар қойылады. Кранның жұмысы кезінде пайдалы жүктің ауытқуы сияқты жағымсыз әсерлер пайда болады, бұл өз кезегінде кран арқалығының динамикалық күйіне әсер етеді. Өзіндік жиіліктерді анықтау және резонанс құбылысының пайда болуын одан әрі талдау үшін оларды бағалау мақсатында пайдалы жүктемені айналдырудың динамикалық параметрлерін және кран арқалығының тербеліс параметрлерін зерттеу, осы мәселені шешу үшін екі еркіндік дәрежесінен тұратын жүйенің математикалық моделі жасалды. Пайдалы жүктемені сипаттайтын дифференциалдық теңдеудің шешімін табу үшін Рунге-Кутта сандық әдісі автоматты түрде қолданылды. Пайдалы жүктің массасы мен арқан ұзындығының тербеліс жиіліктеріне әртүрлі комбинацияларының әсерін анықтау үшін есептеу эксперименті жүргізіліп, тербеліс жиілігі функциясының жауап беті салынды. Арқалықтың меншікті тербеліс жиіліктері NASTRAN бағдарламасындағы ақырлы элементтер әдісімен анықталды. Компьютерлік модельдеу барысында тиісті тербеліс жиіліктерін және кранның конструкциясының жақындығын көрсетті, яғни бұл дегеніміз бұдан әрі кран арқалығының пайдалы жүк тербелісінің ақауына және жиілік әрекетінің одан ары зерттеуін талап етеді.