ИНСТИТУТ БАЗАСЫНДА ЗИЯТКЕРЛІК ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ АЛГОРИТМІН ӘЗІРЛЕУ

2023

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2023-126-3-315-323
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

"Ақылды үй" – бұл адамдарға күнделікті өмірде көмектесуге бейімделген ортаға қатысты маңызды зерттеу саласы. Бұл мақалада адамдарға күнделікті іс – әрекетте, тәуелсіз өмір салтын қолдау мақсатында көмектесу үшін жасалған кез – келген ортаға сілтеме жасау үшін қолданылатын және үйдің ішкі ортасын, кейде тұрғындарды бақылау үшін сенсорлар мен атқарушы құрылғыларды, сондай – ақ жалға алушыға күнделікті іс – әрекетте қолдау немесе көмек көрсетуді қамтитын мәселелер қарастырылған. Таңдалған тақырыптың өзектілігі осы жүйелердің қымбаттығына және олардың адамның қажеттіліктеріне автоматты түрде бейімделе алмауына байланысты, электр энергиясын тиімді пайдалану жолдарын зерттеу болып табылады. Жұмыстың мақсаты – контекстке тәуелді басқару алгоритмін енгізу арқылы жарықтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру. Мақалада келесідей зерттеудің міндеттері көрсетілген: ақылды үй жүйесінің параметрлерін басқару саласындағы қолданыстағы коммерциялық шешімдерге талдау жасау, жасанды нейрондық желі негізінде жарықтандыру жүйесін басқару алгоритмін жасау, жарықтандыруды басқарудың интеллектуалдық жүйесін аппараттық іске асыруды орындау. Бұл жарияланымда автоматтандырудың маңызды аспектісі – пайдаланушының қызметіне бейімделу мүмкіндігімен тұрғын үйді жарықтандыруды басқару тақырыбы қозғалған. Мақалада зерттеу нысаны – кіретін ақпаратты талдау арқылы жарықтандыру деңгейін бақылайтын интеллектуалды жарықтандыруды басқару жүйесі бойынша жан-жақты талдауы жасалынған. Бұл жұмыста ақылды үй жүйесінің функцияларына салыстырмалы талдау жасалды, жарықтандырудың қолайлы түс температурасын негіздеу әдісі қолданылды, жарықтандыруды басқару жүйесінің жұмыс алгоритмі үшін сценарий құру әдісі қолданылды.