Қазақстандағы этнотуризмді дамыту негізінде жұмыссыздық деңгейін төмендету жолдары

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2023ec2/245-253
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақсаты: Қазақстанда этникалық туризмді дамыту арқылы, жергілікті халықтың салт-дәстүр, мәдениетімен таныстыру. Этнотуризмді дамыту арқылы жұмыссыздықты азайту. Әдістер: Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының жұмыссыздық деңгейінің математикалық– экономикалық және де жүйелік талдау әдістері қолданылды. Сонымен қатар, мақсатты аудиторияны анықтап, тұрғындар арасында сауалнама жүргізіліп, этнотуризмді дамыту арқылы қандай жұмыс түрлерімен халықты қамтамасыз ету керектігін және қажеттіліктері мен қалаулары анықталды. Нәтижелер: Зерттеу нәтижесінде агротуризмді дамыту барысында, этнотуризмді қолға алуды және қарапайым халықты жұмыспен қамтамасыз етіп жұмыссыздың деңгейінің төмендеуіне көз жеткізілді. Қазақстан Республикасы бойынша этноауылдардың инфрақұрылымын, даму әлеуетін, перспективасын, даму қолайлығы зерттелді. Талқылау:Қазіргі таңда ауылдық этнотуризмді дамыту, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту өте өзекті мәселелер. Этнотуризм саласы арқылы, этникалық туризмді жаһандандыра отырып, ел экономикасының дамуына үлесін қосатын, өсуіне енді бастау алып, көбейіп келе жатқан негізгі туристік бағыттарды дамыту керек. Этнотуризмді дамыту барысында еліміздегі жұмыссыздық деңгейін төмендету салдары қарастырылды. Халықтың дәстүрі мен мәдениетін, қолөнер мен тарихын насихаттау арқылы, шетел азаматтары мен жергілікті халықтың назарын аудару қажет. Мақалада еліміздегі этнотуризмді дамытуда жаңа перспективалары қарастырылған.