Аннотация
Мақалада көліктік-логистиқалық қызмет көрсету саласындағы негізгі проблемалар мен мәселелер жеткізілім тізбегіндегі барлық іс-әрекеттерді сапалы түрде басқару тұрғысынан қарастырылған. Заманауи талаптарға жауап бере алатын көліктік-логистиқалық қызмет көрсету саласындағы оң өзгерістер, бірінші кезекте, көліктік қызметті тұтынушылармен қатар компаниялардың да пайда алу мүмкіндігіне бағытталған арнайы көрсеткіштер жүйесін қалыптастыруға тікелей байланысты екендігі анықталды. Басты назар әртүрлі тұтынушыларға көліктік-логистиқалық қызмет көрсетуші көліктік компаниялардың қызметтерін сапалы басқарудың көрсеткіштері мен мәнбірлеріне аударылған. Көліктік-логистиқалық қызмет көрсету жұмыстарын сапалы басқарудың негізгі мәнбірлері мен көрсеткіштерінің арнайы жіктемесі келтірілген. Аталған жіктеменің маңызды ерекшеліктерінің бірі ретінде серіктес көліктік-логистиқалық кәсіпорындар мен бәсекелес кәсіпорындармен арадағы ынтымақтастық дәрежесі қабылданған. Ұсынылып отырған ұсыныстарды тәжірибелік тұрғыда пайдалану көліктік-логистиқалық қызметті тұтынушылардың сұраныстарын толық және сапалы қанағаттандыруға бағытталған басқару шешімдерінің тиімділік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.