Аннотация
Қазіргі кезде талшықты оптикалық байланыс желілерінің пайдалану ауқымы артқан сайын, желінің жұмыс жасауын бақылайтын көмекші құралдар мен құрылғылар – талшықтың сыртқы ортаның әсерінен болған қысымына және ортаның температурасына тәуелділігін анықтау маңыздылығы артуда. Мақалада талшықты Брэгг торына (ТБТ) негізделген температуралық және деформациялық сенсорларды үлкен қашықтықта орналасқан және қауіпті әртүрлі жарылғыш, күшті электромагниттік сәуле шығаратын орталарда, мұнай, газ құбырларындағы температура мен қысымды өлшеуге, магистралды талшықты байланыс желісі жүргізілген орталардағы температураны анықтау мақсатында кеңінен қолданатындылығы сипатталады. Сонымен қатар, Брэгг толқын ұзындығының ығысуының деформацияға және де температураға тәуелділігі көрсетілді. Жұмыста жалпы талшықты Брэгг торларының маңыздылығы, сонымен бірге оларлдың байланыс салаларында қолданылуы көрсетілді. Жұмыстың негізгі мақсаты - талшықты Брэгг торларымен таныстыру , жалпы ұғымдар және талшықты брэгг торларын қолдану аясы және оларды пайдалану мүмкіндіктерін көрсету болып табылады.