АЛМАТЫ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНДАҒЫ ОМАРТА БАЛ АРАЛАРЫНЫҢ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ

2023

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/2-2023/05
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада Алматы және Жетісу облыстарының ара шаруашылықтарында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары сөз болады. Аралардың морфометриялық белгілерін кубиталь индексі, гантель индексі және дискоидальды жылжуы арқылы анықтау үшін зерттелетін омарталардың 30 ара тобынан 50 сынама алынды. Ара топтарымен селекциялық және асыл тұқымды жұмыстар жүргізілетін ара топтарынан алынған омарта бал араларының морфометриялық белгілерінің әртүрлі әдістері зерттелді, ара топтарын зерттейтін препараттардың көшірмелері сканерленіп, MorphoXL бағдарламасы арқылы өңделді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, алынған мәліметтерге сәйкес, кубиталь және гантель индекстерінің арақатынасы неғұрлым жоғары болса, тұқымның пайызы соғұрлым жоғары болады деп болжауға болады. Ара қанатының параметрлерін өлшеу арқылы ара сынамасының морфологиялық белгілерін зерттеуге арналған инновациялық бағдарламаларды қолдана отырып, алынған нәтижелердің статистикалық өңделуі және графикалық көрінісі зерттелді. Осының нәтижесінде негізгі экстерьер параметрлері бойынша аралар карника тұқымының стандартына сәйкес келетіні анықталды, бірақ зерттелген үлгілер бойынша кубиталь индексінің көрсеткіштері стандарттан төмен болды. Алынған нәтижелерге байланысты бал араларының тұқымдық стандартын қайта қарау қажет. Карпат тұқымын бағалау Алматы және Жетісу облыстарында өсірілетін аралардың тұқымдық тиістілігінің объективті нәтижесін берді. Жоғарыда аталған міндеттерді әзірлеу, кейіннен нәтижелерді республика омарталарына енгізу Қазақстандағы ара шаруашылығының дамуына әсер етеді және қазақстандық популяциялардың генетикалық әлеуетін сақтауға мүмкіндік береді, бұл республикадағы асыл тұқымды ара шаруашылығын дамытуға негіз болады.