Category of causality of functional grammar

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph.2023.v190.i2.ph2
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

КАУЗАЛДЫҚ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ-СЕМАНТИКАЛЫҚ ӨРІСТЕРІМақалада тіл біліміндегі жаңа бағыттардың бірі саналатын функционалды грамматиканың қаузалдық категориясы туралы баяндалады.Функционалды грамматиканың каузалдық ұғымының жалпы тіл білімінде және қазақ тіл білімінде зерттелуі сөйлеу әрекетінің негізінде қалыптасып, әлем тілдерінде кеңінен зерттеліп жатыр.Қазіргі функционалды грамматикада каузалдық ұғымының табиғатын түсіндіруде жеке дара тұйықталған шеңбер аясында емес, басқа тіл деңгейлері элементтерімен өзара байланыста болатын кешенді тұтастық ретінде интеграциялық тұрғыдан қарастыруға ерекше мән беріліп отыр.Мұндай зерттеулер тілдік құбылыстың табиғатын және мағыналық қырларын толық әрі терең түсінуге жол ашады.Сондықтан каузалдық ұғымдардың қызметін функционалды-семантикалық өріс теориясы тұрғысынан қарастыра отырып, барлық тілдік құралдардың парадигмасы мен синтагмалық қатынасын көрсету және олардың семантикалық құрылымын ашу арқылы аталған категорияның табиғатын толық тануға болады.Бұл орайда каузалдық категориясына жататын тілдік деңгейлерді грамматикалық тұрғыдан ғана қарастыруға болмайды, тілдің басқа деңгейлері арқылы да көрініс таба алатын категориялардың санатынан орын алады.Демек, себеп -салдар ұғымдары семантикалық категория болып танылады да, оның тұрпат межесін құрайтын тілдік бірліктер парадигмасы нақты жүйеленеді.Сонымен қатар функционалды грамматиканың каузалдық ұғымының коммуникация барысында туындаған межесі дискурс пен мәтіндерді анализдеуде жиі ұшырасатын бай ұғым болып саналады.Каузалдық базалық категориясы сөйлеу әрекетінде функционалдық -семантикалық өрісте оның тілдік амалдарының семантикасы өте бай және қазақ тілінде оның бай тілдік амалдар арқылы жасалынатынына көз жеткізілді.