Аннотация
ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ РӨЛІМақалада жалпы мемлекет экономикасының тұрақты дамуындағы банк жүйесінің маңыздылығы баяндалған.Қазіргі жағдайда коммерциялық банктердің тұрақты даму мәселелері ерекше өзекті болып отыр, өйткені олар жалпы ел экономикасының жағдайын анықтайды.Сонымен бірге коммерциялық банктер ішкі және сыртқы ортаның, цифрлық трансформацияның және ауысудың әртүрлі факторларының әсерінен жұмыс істейді.Бұл мақалада теориялық талдау әдісін қолдана отырып, коммерциялық банктердің тұрақты дамуын бағалаудың ережелері мен әдістеріне шолу жасалған.Зерттеу нәтижесінде коммерциялық банктерді тұрақты дамыту экономикалық мазмұнын ашудың теориялық тәсілдері жасалды, сондай-ақ дамудың тұрақтылығын бағалаудың қолданыстағы әдіснамалық тәсілі банк бес компонентті ескере отырып негізделген: экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, институционалдық және технологиялық.Банк секторының тұрақты дамуына жасалып жатқан ісшаралардың жаһандық және Отандық бетбұрыстары көрсетіле келіп, қазіргі таңдағы банктердің тұрақты дамуындағы мәселелердің алғышарттары анықталды.