ОРТА МЕКТЕПТЕ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНБАЛЫ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48081/azpb2414
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Дифференциалдық теңдеулерді оқу мен оқыту ғылымның барлық салаларында маңызды рөл атқаратыны белгілі. Өзінің қолдану аймағы мен маңыздылығы жоғары болуына қарамастан, білім беру ұйымдарында дифференциалдық теңдеулерді оқыту және шешуге үйрету әдістемесін жетілдіру әлі күнге дейін өзекті болып табылады. Бұл тақырып жаңартылған білім мазмұнындағы жоғары сыныптардағы математиканың соңғы тарауына енгізілді. Зерттеу жұмысында орта мектепте дифференциалдық теңдеулерді оқыту барысында оқушыларда туындайтын қиындықтар мен мәселелер айқындалған, оқытудың мазмұндық-әдістемелік жақтары қарастырылған. Дифференциалдық теңдеулерді шешуге үйрету мектеп оқушыларынан осы тақырып алдындағы дифференциалдау және интегралдау әдістерін меңгеру бойынша берік білімді талап етеді. Сондықтан мақалада жаңартылған білім мазмұны бойынша тақырыптардың бірізділігі мен жүйелігін бере отырып, дифференциалдық теңдеулердің қолданбалы бағытын жүзеге асыруға бағытталған есептерді шешудің моделін құрастырудың алгоритмі ұсынылады. Мақалада дифференциалдық теңдеулерді құрастыру арқылы қолданбалы мәтінді есептерді шешудің алгоритмі берілген және оның жүзеге асырылуы нақты мысалдармен көрсетілген. Авторлардың мақсаты – орта мектепте дифференциалдық теңдеулерді оқыту мен есептерді шешуге үйрету мұғалім мен оқушының екі жақты қарқынды жұмысын талап ететін процес екенін біле отырып, ұсынылып отырған идеялар негізінде туындаған қиындықтарды шешуде әдістемелік көмек беру болып табылады.