ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР

2022

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47649/vau.2022.v66.i3.06
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада эмоционалды интеллект арқылы адамның өзінің және басқалардың эмоцияларын түсіну қабілетін және өзінің эмоционалдық жағдайына бейімделуін, өзінің де, басқалардың да эмоцияларын басқару жолдары қарастырылған. Бұл ұсынылып отырған зерттеу тақырыбы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Зерттеу жұмысының барысында, осы саланы зерттеп жүрген Ресейлік және шетелдік ғалымдар тұжырымдамалары талданды. Ғалымдар эмоционалды интеллектке «өзінің және басқалардың сезімдері мен эмоцияларын бақылай білу, оларды ажырата білу және осы ақпаратты адамның ойлауы мен іс-әрекетіне бағыт-бағдар беру үшін пайдалана білу» деп анықтайды. Арнайы жаттығулар арқылы тұлғалық даму, тұлғааралық қарым-қатынасты реттей бастады, яғни эмоционалдық интеллект іс жүзінде жұмыс істей бастады. Эмоционалды интеллектіні дамыту арқылы берілген жаттығуларды тиімді пайдалану нәтижесінде қоғамда бейімделгіш және өз мақсаттарына қол жеткізе алатын адамдар ретінде көрінеді, өйткені олар өздерінің және басқалардың эмоцияларын түсінеді, эмпатикалық және қарым-қатынаста өз эмоцияларын басқара алады. Тұлға дамуындағы эмоционалдық интеллекттің рөлін зерттеуші ғалымдар еңбектерін саралай отырып, ЭИ – адамның өмір сүру барысында оның деңгейі мен жеке ерекшеліктерінің негізінде жатқан бірқатар факторлардың әсерінен қалыптасатын психологиялық құрылым деген қорытынды жасауға болады.