ҚАЗАҚСТАНДА МҰНАЙ-ГАЗ СЕКТОРЫН ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ

2022

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47649/vau.2022.v66.i3.08
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуында мұнай және газ индустриясы көптеген секторлардың қуатты күшіне айналды. Сондықтан да авторлар мақалада зерттеу мақсатын Қазақстандағы мұнай өндіруші мекемелердің экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасап, пайданы еселеу негізінде экономикалық механизмдерді қолдану деп алды. Мақалада зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасындағы мұнай газ нарығының дамуы мен «Қазмұнайгаз» ҰК-ң экономикалық көрсеткіштері алынды. Зерттеу қорытындысын дайындау үшін нәтижелерді графикалық және кесте зерттеу әдістері қолданылды. Мұнай-газ саласы Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етіп отыр. Бірақ бүгінгі күнде аталған сала бәсекеге қабілетті салалар қатарынан түсіп қалу қаупіне ие. Себебі, біріншіден, шикізат бағасы арзандады, екіншіден ауаға бөлінетін зиянды шығарылымдардың шектен тыс көп болуынан табиғатта тепе-теңсіздік, яғни ауа райының күрт жылуы секілді құбылыстар орын алып отыр. Авторлар осы мәселелерді алға тарта отырып, мұнай-газ саласына, оның ішінде «Қазмұнайгаз» ҰК-ң негізгі көрсеткіштері арқылы сала болашағына болжам жасады. Компания уақытша шығындарды азайтқанымен бұл жағдай Қазақстан экономикасына кері әсер етеді. Сондықтан ірі еуропалық компаниялар мұнай шикізатына инвестицияны азайтып, жасыл экономиканы қаржыландыру жағдайларын қарастырып отыр. Қазақстан дамушы ел ретінде өндіріске инновациялық жоғары сапалы өнімді енгізу немесе баламалы энергия көзін өндіруге көшу керек екендігін авторлар ұсыныс ретінде ұсынған.