Көне ұйғыр және қазіргі қазақ тілдерін құрылымдық тұрғыдан салыстыру («Бүгү Қағанның манихейзмді қабылдауы» атты көне ұйғыр тіліндегі мәтін негізінде)

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.46614/ijous.1310195
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада көне ұйғыр тілі мен қазіргі қазақ тілі грамматикалық тұрғыдан (грамматикалық талдау жасау негізінде) салыстырыла қарастырылды. Көне ұйғыр тілі - басқа түркі тілдері сияқты қазіргі қазақ тілінің де шығу тегі болып табылатын көне түркі тілінің бір тармағы. Мақаланы жазудағы мақсат – Қазақстандағы түркология ғылымының ең аз зерттелген бөлігі көне ұйғыр тілінің ерекшеліктерін қазақ тілінің грамматикасымен салыстыра отырып қарастыру, зерделеу. Мақаланы жазу барысында VIII – IX ғасырларда қолданылған көне ұйғыр тілі мен қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылымы (аз-кем айырмашылықтарын қоспағанда) бірдей екендігі ашып көрсетілді. Қазіргі қазақ тіліндегі түбір сөздер мен оларға жалғанатын қосымшалардың сол бастапқы, тарихи мағынасын жоғалтпаған қалпында қолданылатындығы зерделенді. Мысалдармен дәлелдеу мақсатында көне ұйғыр тіліндегі тұпнұсқа мәтіннен тұтас сөйлемдерді алып қазіргі қазақ тілінің стандарты негізінде грамматикалық тұрғыдан талдау жасалып берілді. Мақалада «Бүгү Қағанның манихейзмді қабылдауы» атты көне ұйғыр тілінде жазылған мәтіндегі сөздер пайдаланылды. Неміс – Тұрпан экспедициясы барысында табылған бұл мәтін қазіргі Моңғолия жеріндегі Ұйғыр хандығы заманында үшінші ұйғыр қағаны болған Бүгү Қаған (759-780) тұсында 762-763 жылдары манихейзм дінін қабылдаған уақыттарда жазылған. Біз пайдаланып отырған мәтін түрік ғалымы, түрколог Б. Өзбайдың еңбегінен алынған үзінді. Мәтіндегі сөздердің көпшілігінің бүгінгі қазақ тілінде аздаған өзгеріске ұшырап немесе мүлде өзгермей, сол қалпында қолданылуы қызығушылығымызды арттырғандықтан грамматикалық талдау жасап салыстыра қарастыру жөн саналды. Мақалада жүзге тарта сөз лексикалық тұрғыдан салыстырып, мүмкіндігінше талдап көрсетілді. Сондай - ақ, жұмысты жазу барысында қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры көне түркі сөздеріне бай екендігіне тағы да дәлелденді. Бұл мақала осы салаға ғылыми және практикалық үлес қосуды көздейді. Қазақ тілінің тарихы мен түркі тілдерінің тарихы бойынша оқу құралы ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар, бұл еңбек түркология ғылымының қазақ ғылымы аз зерттелген салаларының бірі саналатын көне ұйғыр тілі саласындағы олқылықтың орнын толтыруға ықпал ететіндігімен де маңызды. Мақалада салыстырмалы және диахрондық салыстырмалы әдістер қолданылды.