Оңтүстік корейлік кинематография: «жұмсақ күш» проекциясы

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7255-2023-143-2-197-215
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Соңғы жиырма жылда әлемдік нарықта америкалық, британдық, еуропалық, жапондық киноөнімдермен қатар, оңтүстік корейлік контенттің сандық және сапалық тұрғыда артқанын көруге болады. Режиссер Боң Жун Хоның «Паразит» фильмінің Оскар мен Канн сыйлықтарын алуы – Корея Республикасындағы кино саласының даму деңгейінің бірегей көрсеткіші. Халықаралық аудиторияға шыққан оңтүстік корейлік фильмдер мен сериалдар тек киноөнім ғана емес, өз мәденниетін, құндылықтарын тарату немесе жарнамалаудың да тиімді құралы екенін зерттеушілер жазып жүр. Осы тұрғыдан алғанда, әлемде бірнеше миллион фанаттары бар оңтүстік корейлік кинотуындылардағы адамдардың санасы мен жүректеріне оң ықпал етудің құралдарын зерттеудің қажеттілігі туады. Аталмыш мақала ханкук кинематографиясындағы «жұмсақ күш» көрінісін анықтау, сипаттау және зерделеу мақсатын көздейді. Бұл жұмыстың негізгі фокусы көрермендер арасында аса танымал фильмдердің мазмұнын саралап, ондағы оңтүстік корейлік мәдени тәжірибелерді репрезентациялау техникаларын талдауға бағытталған. Зерттеу жұмысы case study, контент анализ және бақылау әдістері негізінде жүзеге асырылады. Авторлар аталмыш мақалада оңтүстік корейлік кинемотографиядағы ұлттық мәдениетті дәріптеудің, мемлекеттік имиджі қалыптастыру мен ұлттық брендтеу тәсілдерін анықтап, сипаттап және классификациялайды.