Психоаналитикалық және әлеуметтік мәдени теория аясындағы адамның өзін-өзі жетілдіру мәселесі

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7255-2023-143-2-234-247
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада психоаналитикалық және әлеуметтік мәдени теория аясында адамның өзін-өзі жетілдіру мәселесіне жан-жақты талдау берілген. ХХ ғасырдағы қоғамдық өмірдің қарама-қайшы динамикасы адамның өзін-өзі жетілдіруі, жеке даму стратегиялары, тұлға белсенділігі мәселесін алға тартты. Адам үшін өзінің даралығы мен оған апаратын кемелдік жолын айқындау аса маңызды уәзипа. Авторлардың пікірінше дәл осындай тәсілдер психонаналитикалық және әлеуметтік мәдени стратегияларда қамтылған. Әлеуметтік мәдени теория аясындағы тұлға дамуын айқындау үшін мәдени мұралар, коммуникатив рационалдылық, еркіндік, жауапкершілік ұғымдарына терең талдау жасалған. Адамның өзін-өзі жетілдіру мәселесі негізінде әлеуметтік-мәдени коммуникацияның маңыздылығы зерделенген. Қазақ халқының әлеуметтік өмір салты адамгершілік қасиеттерге және тұлғалық құндылықтық, әлеуметтік-психологиялық, этникалық ұстанымдарға қатал талап қойды. Ал жыраулар поэзиясының ерекшілігі – бұл әлеуметтік ортаға тікелей бағыты, олардың жыр-толғаулары белгілі бір міндетті, мақсатты көздеумен айқындалады. Тұлғаның кісілік, ар-намыс секілді қасиеттерін жоғары қойып, әлеуметті соған лайықты тәжірибелеу арқылы кісілік қалыбын жетілдіруге бағытталды. Олар өз шығармаларын дидактикалық сипаттағы философиялық толғаулар түрінде қалыптастырып, заман жайлы ой-тұжырымдарын, мораль хақынадағы ой-түйіндерін баяндады. Қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді көтеріп, тіршілікте болып жатқан өзгерістер мен оқиғаларға оның мән-мағынасы туралы түсініктерін білдіріп отырды. Мақалада өзін-өзі жетілдіру стратегияларын қалыптастырудағы жыраулар шығармашылығындағы философиялық-антропологиялық, әлеуметтік ой-тұжырымдардың маңыздылығы тұжырымдалған. Жыраулар поэзиясындағы философиялық-антропологиялық пайымдаулар зерделенген.