Тоқыма саласы кәсіпорындарының экспорттық әлеуетін дамытуды басқарудың институционалдық құралдары

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2023ec1/212-219
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақсаты: Мақалада отандық тоқыма өнімдерінің экспорттық әлеуетін жоғарылату үшін институционалдық құралдарды тиімді қолданудың бағыттары ұсынылған. Әдісі: Мақалада ақпараттық негізі ретінде тоқыма өнеркәсібі өнімдерінің экспорттық сауда-саттығына қатысты статистикалық мәліметтер пайдаланылды. Зерттеу барысында жүйелік және статистикалық әдістер қолданылды. Мақала авторлары тоқыма өнімдерінің экспортын ынталандыру құралдарына қатысты ғалымдардың еңбектерін зерттеген: өнеркәсіптік өнімдер экспортының мемлекеттік кепілдіктері, экспорттың тиімділігін бағалау көрсеткіштері, бәсекелестік мәселелері, заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету, баға саясаты, білікті жұмыс күші, цифрлық трансформация мүмкіндігі. Қорытынды: Авторлар тоқыма өнімдерін халықаралық нарықтарға жылжыту стратегиясын әзірлеу үшін шет елдер мен Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерінің деректерін талдаған. Сонымен қатар тоқыма өнімдерінің экспортын дамытуға кедергі келтіретін мәселелерді анықтаған: техникалық және технологиялық артта қалу; өндірістік қуаттылықтың жеткіліксіздігі; мамандардың тапшылығына байланысты еңбек өнімділігінің төмендігі; өндіріс құралдары мен ілеспе фурнитураның болмауы; жоғары өзіндік құнына байланысты дайын өнімнің бәсекеге қабілетсіздігі. Тұжырымдама: Мақалада тоқыма саласы кәсіпорындарының экспорттық әлеуетін дамытудың болашағы бар институционалдық құралдарын анықтаған: сыртқы сауданы қаржыландырумен тікелей байланысты емес экспорттық акселерация бағдарламасын әзірлеу; үлкен деректерді өңдеу және жасанды интеллект технологияларын пайдалану негізінде тоқыма саласы кәсіпорындарының кешенді экожүйесін енгізу; шетелде тоқыма өнімдерін экспорттаушыларды сақтандырумен қорғауды қамтамасыз ету; сыртқы сауданы қаржыландыруға тікелей қатысы жоқ экспорттық акселерация бағдарламасын технологиялық жаңғырту.