Тәжірибелік гипотиреоз кезіндегі қалқанша безінің құрылымын қалпына келтірудің жаңа жолдары

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2023bmg1/143-150
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада тәжірибелік гипотиреоз кезінде және қалпына келтіру жағдайында қалқанша безінің морфо-функционалды жағдайы мен құрылымы туралы мәліметтер берілген. Тәжірибелер этикалық стандарт-тарға сәйкес салмағы 250±3 г болатын 45 дана Spraque Dawley (SD) аталық егеуқұйрықтарына жүргізілді. Зерттеу нәтижелері, эксперименттік гипотиреозбен ауыратын егеуқұйрықтарға ұнтақтағы «Қара шипа плюс» бальзамы және құрамында йоды бар аққазтабан биоактивті қолданғанда қалқанша безінің фолликулаларында жасушалардың кластерлерінің (аралшықтарының) пайда болуын көрсетті, бұл қалқанша безі тінінің қалпына келуі. Қалқанша безінің перифериялық бөлігінде фолликула ішілік коллоидты фолликулдар және қалыпты қан толтырылған қан капиллярлары анықталады. Бірақ бұл аймақта фолликулярлық эпителий анықталмады. Биоактивті композицияны қолданғаннан кейін фолликулярлық эпителийдің пролиферациясы фолликулдың саңылаулы секрециямен немесе фолликул қабырғасында сопақша тәрізді өсінділердің пайда болуы түрінде сақталады. Бұл белсенді жұмыс істейтін тиреоциттердің санының артуын көрсетеді және компенсаторлық сипатқа ие. Жануарларда түзетуден кейін әртүрлі мөлшерде тироглобулин бар фолликулдар анықталып, фолликулярлық құрылымның қалпына келуі байқалды. Тәжірибелік гипотиреозды түзету кезінде қолданылған ұнтақтағы «Қара шипа плюс» бальзамы және құрамында йоды бар аққазтабан биоактив қалқанша безінің құрылымдарына оң әсерін көрсетті.