В.В. Бартольд және А-З. Уәлиди Тоған еңбектері: зерттеу нәтижелерінің ғылыми интерпретациясы

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2664-5157-2023-1-7-19
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ресейлік шығыстанушы ғалымдар тарапынан Орта Азиядағы түркі халықтарының тарихы мен әдебиетін зерттеу жұмыстары қарқынды жүрді. Жүзеге асырылған бірқатартерең зерттеулерде еуропалық ғалымдардың жұмыстары сынға алынды.ХХ ғасыр басында сол зерттеулердің нәтижесі ретінде іргелі ғылыми шығармалар жарық көріп, солардың қатарында академик В.В.Бартольдтың революцияға дейін жазған еңбектері енген көптомдық жүйелі жинағышыққан болатын. Ғалымның ортағасырлық түркі халықтарының тарихы, этнографиясы, географиялық және әдебиет тарихына қатысты деректері бүгінгі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан емес. Академик В.Бартольд өз еңбегін жазу барысында бірнеше ғалымға сілтеме жасайды. Олардың арасында сол уақыттағы жас ғалым, кейіннен түркі мұсылмандары арасынан шыққан көрнекті шығыстанушы Зәки Уәлиди бар еді.Бұл мақалада В.Бартольд пен Зәки Уәлиди арасындағы ғылыми шығармашылық байланыстар зерделенеді. Зерттеу нысаны ретінде В.Бартольдтың ІХ томдық шығармалар жинағының алғашқы бес томы қарастырылып, оларда қос ғалымның идеялық байланыстарыны барынша айқын көрініс тапқаны ашып көрсетіледі және Зәки Уәлиди шығарма- шылығының В.Бартольд зерттеулеріндегі маңызы атап көрсетіледі. Мақала авторлары өздерінің пікір-пайымдарын келтіре отырып, деректерге салыстырмалы талдау әдістерін қолданады. Талдау барысында дереккөздерге сілтеме жасалып, Зәки Уәлидидің библиографиялық және жеке мұрағаттық материалдары пайдаланылады.