ТИЛАПИЯ МЕН КЛАРИИ ЖАЙЫНЫНЫҢ ШАБАҚТАРЫН ӨСІРУ МАҚСАТЫНДА ТІРІ ҚОРЕКТІҢ ОҢТАЙЛЫ ТҮРІН АНЫҚТАУ НӘТИЖЕЛЕРІ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/1-2023/02
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Өнеркәсіптік балық шаруашылығында жануар тектес қоректердің жетіспеушілігі мәселесі бұрыннан белгілі. Осы тұрғыда ежелден белгілі тірі қоректерді алу тәсілі өзектілігін жоғалтар емес. Алматы облысы жағдайында алғаш рет тірі қорек негізінде кларии жайыны (Clarias gariepinus) мен тилапияның (Oreochromis niloticus) шабақтарын бассейндерде өсіру бойынша кешенді ғылыми-зерттеулер жүргізілді. Зерттеулер Алматы облысындағы «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы-1973» ЖШС (VI балық өсіру аймағы) жүргізілді. Берілген мақалада дендробена және старатель жауын құрттарының биохимиялық құрамын, оларды өсіру ерекшеліктерін және тилапия мен кларии жайынының шабақтарын өсіру кезінде қоректендіруге пайдаланудың салыстырмалы зерттеу нәтижелері берілген. Мақалада жетілдірілген әдістерді қолдана отырып, жауын құрттарды өсіру тәжірибесі сипатталған. Дендробена және старатель құрттарымен тилапия (Oreochromis niloticus) және кларии жайынының (Clarias gariepinus) шабақтарын қоректендіру барысында алынған балықтық-биологиялық көрсеткіштерін талдау нәтижелері берілген. Зерттелген көрсеткіштерді жан-жақты талдау нәтижесінде құрттардың әрбір түріне рейтингтік орын берілді. Зерттеулер нәтижесінде тилапия (Oreochromis niloticus) және кларии жайынының (Clarias gariepinus) шабақтарын дендробена мен старатель жауын құрттарымен қоректендіру олардың балықтық-биологиялық көрсеткіштеріне оң әсер ететіндігі байқалды.